Home / Денсаулық және спорт / Барлық мүмкіндік қарастырылуда

Барлық мүмкіндік қарастырылуда

Қазақстан COVID-2019 инфек­циясының мүмкін деген екінші толқынына дайындықты күшейтті. Өйткені, әлемнің бірқатар елінде вирус қайтадан күш алып жатыр. Қазір Қазақстанда коронавирустың тәуліктік өсімі 0,4 пайыз. Бұл — көрші елдермен са­лыстырғанда анағұрлым төмен. Айталық, ТМД елдерінде өсім бұдан жоғары. Дегенмен, алда қауіпті кезең келе жатыр. Сол себепті, дайындық ширай түсті. Сонымен 71 мыңнан астам төсек орындары жабдықталып жатыр. Бұл қазіргіден 7 есеге көп. 3,5 мыңнан астам мобильді топ жасақталған. Өкпені жасанды желдетуге арналған 5000 құрылғы жеткізіледі.
Ал, өзімізге келер болсақ, Талас аудандық орталық ауру­ханасы COVID-2019 –дың екінші толқынына дайын еке­нін халық назарына жет­кізеді. Атап айтқанда, білікті мамандар бар және 20 төсек-орнымен қамтылған провизорлық стационар ашыл­ды және инфекция қарқыны күшейген жағдайда қосымша 20 төсек ашылуға дайын, барлық палаталар оттегімен 100% қамтылған. Дәрі — дәрмек қоры екі ай мерзіміне жеткілікті жинақталған. Қорғаныш киімдерімен толығымен қам­тамасыз етілген. Аудандық орталық ауруханада 6 жа­санды өкпе аппараты бар, қосымша 2 жасанды өкпе аппараты тапсырыс беріліп, қолданысқа алдық. Оттегі концентраты жалпы саны 24 дана (демеушілер есебінен 21 дана), кислородтық баллон 40 дана, қосымша 50 дана баллон сатып алуға портал берілді. Контактсіз дене қызуын өлшеу үшін 29 дана құрал алынып, ТАОА барлық бөлімшелер мен дәрігерлік амбулатория қамтамасыз етілді. Аудандық орталық ауруханада оттегі жүйесі жұқпалы аурулар бөлімшесіне толығымен кіргізіліп, 21 нүкте, яғни 21 науқасты оттегімен қамтамасыз ету мүмкіншілігімен қоса 8 ИВЛ аппаратын қосуға нүктелер қойылып, жұмысқа тапсырылды, толыққанды жұмыс істейді. Аудандық орталық ауруханада жалпы оттегі жүйесі барлық бөлімшелерде қамтылған.
Осы орайда, «жұмыла кө­терген жүк жеңіл»,- демекші, вирустың бірінші толқынында дана халқымыз сыналар сәтте вирусты жеңуге белсене атсалысып, бір-біріне қол ұшын созып көпке жасаған көмегі орасан зор.
Біз сіздердің COVID-2019 екінші толқыны бола қалған жағдайда карантиндік режимді қатаң сақтайтындарыңызға күмәніміз жоқ.

Есмахан Имаммырзаев,
аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.

About DevTeam

Check Also

Долгожданный футбол

В конце сентября 2020 года стартовало долгожданное Первенство Второй лиги РК, которое очень долго ждали, …

Добавить комментарий