Home / Қоғам және заң / Алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 8 айында, Талас АПБ ауданаралық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлерімен, Талас ауданы аумағы бойынша есірткі затын заңсыз сату, сақтау, пайдалану және тасымалдау дерегі бойынша барлығы 18 қылмыс анықталған, (2019 жылы 8 айда -15 дерек).
Оның ішінде 7 ауыр қылмыс анықталып (2019 жылы — 4), оның 3-қылмысы ҚР ҚК 297-бабы 1,2- тармағымен (есірткі затын заңсыз сату), ал 3-қылмыс ҚР ҚК 296-бабы 4-тармағымен (аса ірі көлемдегі есірткі затын сақтау) және 1- қылмыс ҚР ҚК 300-бабы 2-тармағымен (құрамында есірткі заты бар өсімдікті заңсыз егіп, өсіру) анықталып сотқа жолданды (2019 жылы-0). Осы қылмыстар аясында барлығы 277 дана қарасора, 302 грамм «гашиш» және 47 килограмм 250,34 грамм марихуана есірткі заты тәркіленіп алынды және 4 азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Талас АПБ ААЕҚҚІБ-мен 8 ай ішінде құрамында есірткі заттар бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру қылмысы бойынша – 5 дерек анықталып бұйрықтық өндіріспен сотқа жолданды (2019 жылы – 4 дерек).
Талас АПБ ААЕҚҚІБ-мен барлығы 8 ай ішінде 7 қылмыстық іс анықталды. ҚР ҚК 296-бабының 1,2,3-тармақтары (есірткі заттарын заңсыз сақтау, пайдалану), (2019 жыл – 8 дерек) анықталған барлық қылмыстық іс сотқа жолданып, 7 азаматқа айыппұл салынып, қоғамдық жұмысқа тартылды.
Осы 2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес есірткі қылмыстарына, яғни синтетикалық есірткі заттарының таралуын болдырмау және жолын кесу мақсатында қылмыстық Кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, синтетикалық есірткі заттарының таралуын болдырмау, интернет ресурстары, әлеуметтік желілер, «граффити», QR-кодтар арқылы өткізу арналарының жолын кесу мәселелері бойынша, Талас АПБ ААЕҚҚІБ-мен 2020 жылдың басынан ай сайын білім беру мекемелерімен, оқу орындарында жастар арасында «Синтетикалық есірткі заттарының таралуы және интернет ресурстары, әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан есірткі заттарының» жолын кесу мақсатында дөңгелек үстел өткізіліп лекциялар оқылып, қандай зияны бар екені және қандай жауапкершілікке тартылатыны ескертілді, осы қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында синтетикалық есірткі заты интернет ресурстары арқылы кеңінен тараған.
Синтетикалық есірткі заттарының интернет ресурстары арқылы таралуын жолын кесу мақсатында күнделікті интернет арқылы таралып жатқан ақпараттары мұқият қаралады. Осы бойынша бізбен барлық Талас АПБ-нің бөлімшелеріне жоспар-тапсырмалар жіберіліп, қазіргі уақытта алдын алу мақсатында барлық жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Қазіргі таңда Талас ауданы бойынша синтетикалық есірткі заттарының интернет ресурстары және әлеуметтік желілермен таралған дерегі анықталған жоқ.
Талас ауданы бойынша «Химия», «Скорость» есірткі заттары жастар арасында сатылмайды.

Ж. Дауренбеков,
Талас және Сарысу ААЕҚҚІБ бастығы, полиция майоры.

About DevTeam

Check Also

Жемқорлық- жиіркенішті қылық

Елімізді дамытып, көркейту әрбір қазақстандықтың міндеті. Қашаннан да бірлігі мықты елдің берекесі артып, ырысы таситынын …

Добавить комментарий