Home / Әдебиет және мәдениет / Естен кетпес кеш

Естен кетпес кеш

Өмірзақ
Дүйсенбиев,
Талас ауданының
Құрметті азаматы.

Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығын ел болып атап өту жөніндегі мақаласы әрбір қазақ үшін үлкен жауапкершілік болғаны түсінікті.
Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында Абай атамыз жайлы тың, құнды деректер жариялануда.Онда біз Абай жайлы білгеннен білмегеніміз көп екенін аңғару қиын емес.
10 тамыз Абай күні деп жариялануы, ұлы ақынның өмір жолын дәріптейтін арнаның ашылуы Абай жылында іске асқан ірі жобаның бірі. Бұл өз кезегінде қазақ жастарын Абайды терең танып білуге, оның өсиетінінің дұрыстығына, шындығына үйретеді. Осы атқарылып жатқан жұмыстармен қатар менің есімнен кетпейтін салтанатты шара — 1970 жылы қазан айында Мәскеу қаласында Одақтар үйінің Колонналы залында өткен Абайдың 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш еді.
Мен ол кезде Мәскеуде ВЛКСМ Орталық Коми­тетінің жанындағы Жоғарғы Комсомол мектебінде оқитын едім. Зал мерекелік кешке безендірілген.Төрде «Демократ-ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевқа-125 жыл» деп жазылған.
Салтанатты кешке Қазақстан Жазушылар Ода­ғы­ның ақсақалы Ә.Тәжібаев бастаған делегация, Қазақстан Өнер шеберлерінің бір топ өкілдері қатысты.
Шараны Қазақ ССР Министрлер Советінің СССР Министрлер Советінің жанындағы тұрақты өкілі С.Жданов ашып, Абай Құнанбаевтың өмірі жайлы сөйлеп, оның қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, демократ-ақын, гуманист, ағартушы екеніне тоқталды.
Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов өзінің «Абай жолы» романында қазақ халқының өмірін, салт-дәстүрін шебер көрсете білгенін жеткізді.
Кеште Қазақ Жазушылар Одағының ақсақалы Ә.Тәжібаев Абайдың өмірі М.Әуезовтің «Абай жолы» романы екендігі оның өміршеңдігінің дұрыстығы жайлы тебірене сөйледі.
Кеш Қазақстан Өнер шеберлерінің үлкен мерекелік концертімен аяқталды. Міне, содан бері елу жыл өтіпті.Мәскеуде оқып жүргенімде талай тарихи істерге арналған іс-шараларға қатысу бақытына ие болдым.Соның бірі осы Абайдың 125 жылдығына арналған кеш болды.
Шараның құндылығы сон­да, сол кеңестік қайнап тұрған жүйеде мәскеуліктердің қазаққа, оның ішінде Абайға бас иіп тағзым етуінде еді. Міне мен соның куәсі болдым. Содан бері талай тарихи оқиғалар өтті.
Ең бастысы ғасырлар бойы аңсаған, сол үшін небір қилы заманды бастан өткізіп Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Қалай дегенмен де, бұрын қандай бір іс болмасын Мәскеуге қарайлайтынбыз.Біздің еркімізсіз кей мәселелер сонда шешілген. Енді өмір басқаша. Тәуелсіздігіміздің бір парасы Абайтануда да оң өзгерісін ала келді.
Қазақтың Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ­қа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы қазақ халқының барлық жағынан рухани баюдағы басты құжат. Оны біз күнделікті жұмысымызда басшылыққа алуға тиіспіз.
Сол елу жылдан бері Абай атамыздың талай мерекелік туған күндері өтті. Рас, есімде 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы өткені белгілі.
Абайға құрмет, тағзым дәл биылғы 2020 жылдай болған емес. Мәселе мерекелеуде емес,оны баянды етуде. Сондықтан, Абай жылын мерекелеуде, Абайды тануда Республика Президенті Қ.Тоқаевтың басшылығымен іс-жүзіне асырылып жатқан жұмыстарды толық қуаттаймын.
Қазақ десек Абай дегеніміз, Абай десек қазақ дегеніміз.Екеуі ажырамас бір ұғым. Заңғар жазушы М.Әуезов өзінің Абай туралы атақты еңбегін «Абай жолы» атауында үлкен мән жатыр. Меніңше, әрбір қазақ Абай жолымен жүрсе, Абайша өмір сүрсе қазақ халқының өмірі баянды болады деп түсінемін.
Тәуелсіздік алғаннан бері осы Абайша өмір сүру жөнінде қыруар іс тындырылды.Оны әрбір көкірегі ояу, көзі қарақты қазақ білуі керек.
Қазақ тарихына көз жүгіртсек, алғашқы қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек, сол хандықты қорғауда Абылайдай хан өткен, Абай, Шоқан, Ыбырайдай біртуар азаматтары, Қонаевтай данасы, Нұрсұлтандай кемер басшысы болған Қазақ елі ешқашан тарих көшінен қалмай мәңгі ел болуға тиіспіз.
Н.Ә.Назарбаев: «Құдай қазаққа қырын қарамаған. Осынша байлық, дәулет, ақыл-ойдың иесі болған»,- деп текке айтпаған. Сол дәуір туды. Құдайым бірлігімізден айырмасын.Қазағым өсіп өркендеп, мәңгілік ел болсын!

Тамды ауылы.

About DevTeam

Check Also

Ауданымызда өткен аламан айтыс

Қамысбай Сауқымов, Алтын Оразбек, «TALAS tynysy». Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен айтыскер …

Добавить комментарий