«Тt»-ақпарат».
«Туған жерге
туыңды тік»,- деген
қазақи қағиданы
берік ұстанған
ауданымыздың
Құрметті азаматы,
меценат Жұмахан
Тәңкібаевтың өзі
туып–өскен Тамды
ауылына деген
жанашырлығы
ерекше.
Бұған дейін ауылға мешіт соғып, шағын стадионды тарту еткен ілкімді жігіт Қойгелді атындағы орта мектепке және мәдениет үйіне үнемі демеушілік жасап, қамқорлық көрсетіп келеді.
Таяуда Жұмахан тағы бір игілікті істің бастамашысы болды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «асарлатып үй салу» жобасына сәйкес жерлестерін жұмылдырып, көпбалалы отбасы Нұрсұлтан Күзембаевқа тұрғын үй салып беруді қолға алды.
- Жер телімін рәсімдеп, құрылысқа қажетті тас пен топырақты түсірдік,-дейді Жұмахан,- қазір құрылыс жұмысы да қызу басталып кетті.
Игі бастамаға қатысты ауыл ақсақалы Досымбек Ошақбаев ақ батасын беріп, ортақ іске сәттілік тіледі.
-Менің баспанасыз жүргеніме көп болды,- дейді Нұрсұлтан Күзембаев,-бұған дейін бала-шағаммен әр жерде тұрып келдім. Міне енді ел ағаларыңын қамқорлығы арқасында өзімнің жеке баспанам болатын болды. Көпшілікке шын көңілімнен шыққан ризашылығымды жеткіземін,-дейді.
Ия, қазағымды қашан да ауызбірлік, ынтымақтан ажыратпасын. Біз біргеміз!