Әлемдегі коронавирустық жағдайға байланысты, оның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздің және жақындарыңыздың денсаулығың сақтау үшін келесі алдын алу шараларын ұстануыңызды сұраймыз:
• вирустық аурулар белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты болдырмау (жөтел, түшкіру, мұрын шырышты қабатының қабынуы, дене қызуының көтерілуі);
• дене қызуын күніне 2 рет мүмкіндігінше өлшеу қажет;
• тұрғын үй жайларын тәулігіне 2 рет желдету;
• тұрғын үй жайларын ылғалды жинау кезінде дезинфекциялау заттарды (құрамында хлор бар заттар, 70% спирт, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сода) қолдану қажет;
• жеке гигиенаны сақтау (жеке сүлгі, сабын, ұстара құралдарын пайдалану және т.б.);
• қолды сабынмен жуу (әжетханаға барған соң, қол алысқаннан, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ тамақ дайындаудан бұрын);
• қоғамдық орындарда жүргенде көз, мұрын және ауызға қол тигізбеңіз, өйткені лас қолдың жанасуы вирустың шырышты қабатқа түсуіне ықпал етеді;
• адамдар көп жиналатын жерлерге барғаннан және көшеден қайтқаннан кейін мұрын мен ауыз қуысын (мұрын-жұтқыншақ) әлсіз сода ерітіндісімен шаю;
• жөтелу және түшкіру кезінде ауызды бір рет қолданылатын майлықтармен немесе орамалмен жабу, содан кейін қолды сабынмен мұқият жуу немесе спирт ерітіндісімен немесе дезинфекциялық сулықтармен өңдеу қажет,
• қоғамдық орындарда жөтеліп немесе түшкіріп жатқан адамдарымен қарым-қатынас жасамауға тырысу, мүмкін болмаған жағдайда кемінде бір метр қашықтықты сақтау;
• ЖРВИ белгілері пайда болған кезде (дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, көбінесе құрғақ жөтел, қалтырау, денедегі қақсау, мұрын шырышты қабатының қабынуы және т. б.) үйде қалу өзін-өзі емдеумен айналыспау және міндетті түрде жедел медициналық көмек шақыру қажет;
• коронавирустық инфекция бойынша қосымша кеңесті call – орталыққа 1406 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады.
М.Отыншиев,
Талас аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы.
Check Also
БІЗДІҢ НЫШАН — ЧЕМПИОН
Тараз қаласында ерлер мен әйелдер арасында паратаэквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің …