Home / Әдебиет және мәдениет / Күй — сезім тілі

Күй — сезім тілі

Күй – жан пернесі іспетті. Оны қай аспапқа
салса да өзіндік болмыс – қасиетін жоғалтқан
емес. Әйтсе де, осы бір күй құдіретіне терең
бойлай алатын аспап -домбыра.
Домбырамен күй тартқанда ішекті аспапты емес, адам жанын, сезім тұңғиығын, көңіл қылын шерткендей сезінесің. Сол ішек арқылы қыздың қос бұрымындай өмірдің ақ-қарасы бүкпесіз баяндалған.
Көңіл құлазып, аласарса да, бастағы бақыт еселенсе де, бойды сағыныш серенадасы сергендеңге салып, ғашықтық ғаламы торласа да адам жанына демеу, сезіміне серік бола білген күй күшінің өлшемі жоқ.
Домбыра мен күй құдіретін Алаш асылы Әлихан Бөкейхан : «…күй- адамның анық тілі, шын тілі, көпке бірдей ұғымды тіл. Бұл жанға хас, жүрек тілі, сезім тілі»,- деп өнердің ұшар басына теңеді.
Қара домбыра арқылы қазақ халқы күй тартып, сол күй арқылы өзінің тарихын, салт-санасын, тұрмысы мен мұң-мұқтажын, арман-қиялын, қуаныш-сүйінішін толығымен жеткізген.
Күйдің мың сырлы әуені жүрегіңді баурап, тұла бойыңды әлдеқандай сезімге толтырады. Күйші күй тартқанда жалған дүниені ұмытып, бар ықыласын әлдилеп отырған күйге құяды. Қос ішектен тау суындай арындап төгілген құдіретті күй, бірде қырандай қалқып, көк жүзіне көтерілсе, енді бірде жемтігін көрген бүркіттей төмен қарай суылдай құйылып, қайтадан қайқаң етіп жоғары өрлейді.
Міне, сондықтан күй – қазақтың жаны, һәм досы. Ал, домбыра – қазақтың ұлттық бренді, ұлттық құндылығы, ұлы мирасы, тарихпен бірге біте қайнасып келе жатқан жауһары. Қазақ барда күй де мәңгі жасай бермек. Сол себепті, Ұлы Дала ұрпағына қалған мол мұраның мұртын бұзбай қастерлеп, өнер шыңындағы биігінен аласартпайық .
Сара МАКУОВА,
ТарМУ-дың журналистика мамандығының 2- курс студенті

About DevTeam

Check Also

Детство Мухтара

(история одной картины) Мухтар Ауэзов вырос на стихах Абая, впитал в себя многокрасочность его поэзии. …

Добавить комментарий