Home / Қоғам және заң / Өркениеттің өрісін кеңейтеміз десек…

Өркениеттің өрісін кеңейтеміз десек…

2019 жылғы 2 қыркүйектегі
Мемлекет басшысының
«Сындарлы қоғамдық диалог-
Қазақстанның тұрақтылығы
мен өркендеуінің негізі»
атты Қазақстан халқына
арнаған Жолдауында
сыбайлас жемқорлықпен
жан-жақты күресу мәселесі
күн тәртібінен түспегенін атап
өтті.

Осы бағытта орталық және жергілікті органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қа­тысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу қажеттігіне тоқталған болатын.
Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ауданда біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, аудан әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №729-ө өкімімен 2020 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі бекітіліп, аудан әкімімен, әкімдігімен қабылданған нормативтік-құқық­тық актілерге құқықтық мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде есепті мерзім аралығында 2 қаулы, 1 бірлескен нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды.
Мемлекеттік органдар жұмысының ашық­тығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің 2020 жылғы өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кестесі бекітілді. Жос­парға сәйкес 2 мекеменің жұмысына талдау жүргізіліп, нәтижесінде ұсынымдық сипаттағы талдамалық анықтамалар әзірленді.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында медиа-жоспарға сәйкес, аудандық «Талас тынысы» газетіндегі тұрақты айдарда 18 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, осы бағытта аудан бойынша 15 тақырыптық билборд орналастырылды.
Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан әкімінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 101 қаулысымен «Талас адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылды. Жобаның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа деген жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, ауданда мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру. Аталған кеңсе осы бағытта аудан тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамытып, ауданда қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда.
Мемлекеттік билік институттарына азамат­тардың сенімін және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ауданда қызмет электронды түрге ауыстырылды.
Ауданда тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында есепті мерзім аралығында 5 қоғамдық қабылдау жүргізілді. Қабылдауға қатысқан азаматтар өзекті мәселелер бойынша өздерінің ұсыныстарын және шешімін таппаған проблемаларын ашық жеткізіп, ауданның дамуына нақты қадам жасауда.
Демек, осы бағытта бірігіп жұмыс атқарсақ, ауданның жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындауға өз үлесімізді қосар едік.
Бақыт Қазанбасов,
Талас ауданының әкімі.

About DevTeam

Check Also

Жемқорлыққа жаза қатал

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі- парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара …

Добавить комментарий