Home / Аймақ / Еңбек еленген күн

Еңбек еленген күн

Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы
Қазанбасов мемлекеттік қызметшілер мен
полиция қызметкерлерінің кәсіби
мерекесіне орай оларды қабылдап,
мерекелерімен құттықтады.
Жиында сөз алған Бақыт Алпысбайұлы ізгі тілектерін білдіре отырып: — Әлемдегі саяси және экономикалық жағдайды ескере отырып, біздің елімізде мемлекеттік қызмет жүйесі үнемі жаңғыртылуда. Сондықтан да, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.
Полицияда қызмет ету – маңызды әрі жауапкершілігі мол. Сіздерде әрқашан жоғары кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген адалдық ерекшеленіп тұрады. Алдағы уақытта да мемлекетіміздің алға қойған міндеттерін орындауда сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіздің көмегімен еркін жұмыс жасаймыз деп сенеміз,- деді. Құттықтау сөзден кейін аудан басшысы бірқатар қызметкерлерді Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, осы мерекелік жиында аудандағы ішкі істер саласының дамуына қосқан қомақты үлестері үшін ау­дандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары Берік Махамбетов пен Мадияр Кожахметов «Ауданға сіңір­ген еңбегі үшін» төсбелгісімен наградталды.
Кәсіби мереке иелерін біз де құттықтап, мемлекет мүддесі жолындағы еңбек­теріне сәттілік, отбасыларына береке-бірлік тіледік.

Шапағат Сейдалы,
әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің студенті.

About DevTeam

Check Also

Сырлы бояу сыры

Қамысбай Сауқымов, «Talas tynysy». Тараз қаласы мерекесіне орай Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арнал­ған «Ай …

Добавить комментарий