Home / Соңғы жаңалықтар / Жерлестері чемпионға құрмет көрсетті

Жерлестері чемпионға құрмет көрсетті

Түркістан қаласында «Алаш Прайттың» алтын белбеуі үшін ережесіз –жекпе жектен Азия аймағы бойынша жарыс өткені белгілі. Оған Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз және Қазақстан мемлекетінен ең таңдаулы спортшылар қатысты. Бұл байрақты бәсекеде жерлесіміз Мұқағали Несіпбай да бақ сынаған еді. Әуелі қырғыз өкілі Бостан Анарбаевты екінші раундта жеңген Мұқағали, жартылай финалда тәжікстандық Саидшо Рузиматовтан төрешілердің бірауыздан шешімімен басым түсті. Ал, жерлесіміз финалда тәжікстандық Мехрдод Умаровты алғашқы раундта қапы қалдырып, «Алаш Прайт» алтын белбеуінің иегері атанды.
Мұқағали Несіпбай – Талас ауданы, Ойық ауылының түлегі. Спортшының жеңісіне қуанған жерлестері чемпионды ауылдың кіре берісінде зор құрметпен қарсы алды. Жерлестері жеңімпазға ақбоз ат мінгізіп, құшақтарынан босатпай, ақжарма көңілдерін көрсетті.
Онан соң іс-шара Ойық ауылындағы Ə.Тəжімбетов атындағы Мəдениет үйінде жалғасты. Жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Пана Рахманбердиев, Талас ауданының Құрметті азаматы Болат Дуанбеков сөз сөйлеп, Мұқағалидың жеңісіне қуаныштарын білдіріп, алдағы әлемдік деңгейдегі жарыстарына табыс тіледі. Келесі кезекте ауыл ақсақалдары Ошақбай Шыныбеков, Әшкен Мұсаев ақ тілектерін арнады. Оларға Науат Тұрсынбайкеліні құрметпен шапан жапты. Келесі сәтте чемпион Мұқағали Несіпбай жерлестеріне алғыс білдіріп, Алла қаласа алда мұнан да үлкен биіктерге жетуге күш салатынын айтты. Осы жолдардың авторы Ойық ауылынан шыққан айтыскер ақын ретінде Мұқағалидың қадамын құптап арнау айтса, оқушы айтыскер Бекболат Әбілхан балауса арнау жырымен қуантты. Ақын Дəулетхан Бəзілов жеңімпаз інісіне арнап өлең оқыды. Композитор Жаннар Молдабеков өзінің «Ауылымды сағындым» әнін орындап берсе, əнші Шыңғыс Иманбеков баласы Тəттімбетпен бірге əн салды. Мұнан соң чемпионның әпкесі Гүлхан Несіпбайқызы сөйлеп, елдің осындай шексіз құрметі үшін алғыс білдірді.
Есет ДОСАЛЫ,
журналист. Ойық ауылы

About DevTeam

Check Also

«Ауданда көңіл құптарлық іс көп»

Ауданға іс сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Қожахан Жабағиев аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға …

Добавить комментарий