Home / Аймақ / Ауылға ауыз су берілді

Ауылға ауыз су берілді

Қасқабұлақ — ажары кіріп келе жатқан ауылдың бірі.
Жыл сайын ел игілігіне беріліп жатқан заманауи
үлгідегі әлеуметтік нысандар елді мекеннің көркін
келтірумен қатар, жұртшылықтың да қуанышын
еселеп отыр. Жаңа жыл қарсаңында қасқабұлақтықтар
осындай тағы бір нысан- ауыз су жүйесінің
ашылуына куә болды.
Жергілікті тұрғындардың көптен күткен қуанышымен аудан әкімі Бақыт Қазанбасов арнайы келіп бөлісті. Игі шараның ашылу салтанатында Бақыт Алпысбайұлы: — Ауданда мемлекеттік бағдарламалар бойынша 23 ауылдың қазіргі таңда 13 елді мекені ауыз суға толық қосылған. Бүгін міне, ел ішіндегі осындай айтулы сәттің куәсі болып отырмыз,-деп жиылғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Шарада ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исмаил Усеинов назардан тыс қалдырмай су жүйесінің қосылуына үлесін қосқан азаматтарға ризашылығын білдірді.
Жалпы, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жүргізілген нысан құрылысына 750 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілген. 9 ай мерзімде бітірілуі тиіс су жүйесінің жұмыстарын «Фортис» ЖШС екі ай бұрын аяқтады. Дәл осы уақытта округтегі 146 үйдің 17-і ауыз суды тұтынып жатыр. Мұндағы екі ұңғыманың әрқайсысына 250 текше метрден су сияды.
Өз кезегінде ауыз су жүйесінің лентасын Бақыт Алпысбайұлы мен Ис­маил Усеинов қиды. Су сор­ғы ғимараттарын ара­лап, жұмыстарымен танысты. Сон­дай-ақ, тіршілік нәрін пайда­ланып отырған тұрғын­дардың шаңырағына арнайы барып, судың көтерілу жылдам­дығы мен сапасын тексеріп көрді.
Сапар соңында аудан әкімі тұрмысы төмен отбасыларының үйінде болып, жаңа жылдық сыйлықтарды табыс етті.

About DevTeam

Check Also

Батырлар рухына тағзым

Биыл Кеңес әскер­лерінің Ауғанстан Рес­пуб­ликасы аумағынан шығарылғанына-32 жыл. Осы­ған орай ау­дан әкімі Бақыт Қазан­басов, аудандық …

Добавить комментарий