Home / Аймақ / «Ауданда көңіл құптарлық іс көп»

«Ауданда көңіл құптарлық іс көп»

Ауданға іс сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Қожахан Жабағиев аймақта
атқарылып жатқан жұмыстарға осындай баға берді

«ТТ» — ақпарат».

Мәжіліс депутаты және аудан әкімі Бақыт Қазанбасов бастаған сала басшылары алдымен жылына 300 мың тонна цемент өндіруге қауқарлы «Жамбыл-Недр» ЖШС-де болды. Жалпы, кәсіпорын 2019 жылы 18500 тонна цемент пен 7200 тонна күйдірілген кірпіш өндірген. Қазіргі таңда 164 адам жұмыс жасайтын серіктестік алдағы уақытта 500 мың тоннаға дейін әк тасын және бетон өндіретін зауыттың құрылысын қолға алмақ.
Бұл жайында «Жамбыл-Недр» ЖШС-нің бас директоры Болатбек Батырбеков айтып берді.
Сондай-ақ, төменгі палата депутаты «TalasInvestmentCompany» ЖШС-нің жұмысымен де танысты. Кәсіпорын өткен жылға 11001,33 млн. теңгенің өнімін өндірген. Серіктестік еліміздегі бірден-бір кәсіпорын болғандықтан алдағы уақытта зауыттың екінші желісін іске қоспақшы. Ондай жағдайда мекеменің өндіріс қуаты артып, өнім көлемі 30 мың тоннаға жетеді. Кездесу барысында «TalasInvestmentCompany» тара­пы­нан туындап отырған мәселелерді назарға алатындығын жеткізген Қ.Жабағиев кәсіпорынның ісіне сәттілік тіледі. Одан бөлек, мәжіліс депутаты «ҚаратауПро» ЖШС-нің жұмыстарын аралап көрді.
Сапар соңында мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев және Қожахан Жабағиев Nur Otan партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында тұрғындардың ұсыныс-тілектері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Кездесу барысында қабылдауға жазылушылар тарапынан Тамды-Ақкөл бағытындағы көлік жолына, «Жартас» көлінің жағдайы мен қалаішілік жолдардың құрылысына, құжаттарын заңдастыра алмай отырған үй иелеріне қатысты мәселелер көтерілді.
Туындап отырған түйіткілдерді зейін қойып тыңдаған мәжіліс депутат­тары ұсыныстардың назарсыз қалмайтындығын жеткізді.

About DevTeam

Check Also

Батырлар рухына тағзым

Биыл Кеңес әскер­лерінің Ауғанстан Рес­пуб­ликасы аумағынан шығарылғанына-32 жыл. Осы­ған орай ау­дан әкімі Бақыт Қазан­басов, аудандық …

Добавить комментарий