Home / 2020 / Декабрь

Monthly Archives: Декабрь 2020

Алтын құрсақты ана

Рахила Прмаханбетованың жасы 88-де. Тағдыр талайын бастан өткерген ардақ­ты жанның өткен өмір жо­лы ұрпаққа өнеге. Бүгінде Рахила апамыз 6 ұл, 4 қыздан 33 немере, 29 шөбере сүйіп отыр. Киелі әулеттен өрбіген перзенттері де қоғамның әр саласында жемісті еңбек етіп жүр. Әсіресе, көзайымы немерелерінің спорттағы ба­ғындырған белестері айтуға тұрарлық. Жуырда ардақты …

Read More »

Саналы ұрпақ- жарқын болашақ

«Tt»-ақпарат». Елімізде волонтерлік қозғалыс жыл өткен сайын қанатын кеңге жаюда. Еріктілер жұмысын бір жүйеге келтіру, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі. Аталған жыл аясында ауданымызда ерікті, жігерлі жастардан құралған жасақ, көптеген игілікті істің …

Read More »

Өз ісінің шебері

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған — өндірістік оқыту шебері болу –уақыт талабы. Облыс әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Өз ісінің шебері» өндірістік оқыту шеберлері арасында облыстық байқау өтті. Байқауға техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы заманауи кәсіптік және …

Read More »

Сайлауға дайындық қызу жүруде

2021 жылдың 10 қаңтары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы күні екені мәлім. Міне, осы сайлауға дайындық еліміз бойынша, соның ішінде, ауданымызды да қызу жүруде. Осыған орай аудан әкімі Бақыт Қазанбасов пен аудан әкімінің орынбасары Төрехан Қойлыбаев ауылдық округтерді аралап, сайлау учаскелерінің дайындық жұмысымен танысты. Бұл сапарды Ақкөл …

Read More »

Абайға адал болсақ дейміз…

Абай! Баршамызға «Жүрегімнің түбіне терең бойла!» деп баға жетпес асыл мұрасын аманаттап кеткен дана! Қазақ баласын қандай бір қияметтен құтқаратын құдірет! Аударылып-төңкерілген дүниеде адастырмас Темірқазық! «Толық адам» болсын деп артына қалдырған сан қырлы, көп мағыналы даналығының түбіне кім, қалай бойлап жүр? Жұрт нені ұғып, нені ұға алмай жүр? Жалпы, Абайсыз …

Read More »

Біздің сұхбат

Ілгері күннен үміт көп Дүйсен МОЛДАҚҰЛОВ, «TALAS tynysy». Талас ауданы шаруасы өркендеген, экономикасы дамыған өңір қатарынан саналады. Әсіресе, соңғы уақыттарда барлық сала бойынша ілгері басу, алға ұмтылу анық аңғарылады. Олай дейтініміз – ағымдағы жыл ішінде алға қойған барлық жобалар жүзеге асып, міндеттер орындалды. Бекітілген индикаторлық жоспар түгелімен оң шешімін тапты. …

Read More »

«Таза таластықтардың» табандылығы

«Тt»-ақпарат». Қараша айының орта шенінде табиғат тосын мінез танытты. Көпшілік күтпеген бұл аяз қыс қамына даярсыз адамдарға сынақ болды. Сол күндері расын айталық, «Таза-Талас» мекемесі тынымсыз жұмыс үстінде жүрді. Бет қарыр ызғарда осы мекеме тарапынан 5 арнайы техника 40 жұмысшының көме­гімен жерді ақ ұлпадан аршыды. Бұл күндері қала көшелеріне 75 …

Read More »

Жарылыстар, өрттер, өлімдер…

тек биылғы күзде облысымызда 54 адам улы газдан уланып, оның төртеуі қаза тапты Евгений РАУ Күз айының соңы Тараз қаласы және облыс тұрғындарының үйішілік газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қағидаларын бұзуынан болатын, көптеген жазатайым оқиғалар кезеңіне айналды. Сонымен, 2020 жылдың 24 қарашасында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметіне Тараз қаласы, …

Read More »

Отбасы – тәрбие бесігі

«Тt»-ақпарат». Аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлының ұйымдастыруымен «Отбасы- мемлекеттің тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынды ашып, жүргізіп отырған билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы бала тәрбиесіндегі отбасының алар орны туралы айта келіп: -Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Кімнің де болса туған үйінің жылуы- оның бойында мәңгілікке қалады. Отанға деген …

Read More »

Азамат ажары

Қамысбай Сауқымов, «TALAS tynysy». Дүниеге келген әр адамның орындайтын адами қарыздары және парыздарымен бірге, заманына сай ерекше мүмкіншіліктері, міндет- мақсаттары болады. Сол заманның берген мүмкіндіктерін толық пайда­лану арқылы алдына қойған мақсаттарды өз дәрежесінде орындай білген адам ғана өмірден өз орнын тапқан, ел, ұлт алдындағы перзенттік борышын атқарған азамат болып есептеледі. …

Read More »