Home / 2020 / Ноябрь

Monthly Archives: Ноябрь 2020

Жемқорлық- жиіркенішті қылық

Елімізді дамытып, көркейту әрбір қазақстандықтың міндеті. Қашаннан да бірлігі мықты елдің берекесі артып, ырысы таситынын жақсы білеміз. Сөйте тұра құлқын қамын ойлап, жемқорлыққа барып, ардан аттайтындардың бары ащы да болса шындық. Бүгінгі қоғамдағы жағымсыз көрініске айналған жемқорлыққа тосқауыл қоюды тек мемлекетке тапсырмай, көп болып қолға алсақ, нәтижелі болады деп есептеймін. …

Read More »

Ел дамуына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауы сын кезеңде жарияланып, алдағы бағытты бағдарлап берді. Жолдауда көтерілген барлық мәселе өзекті. Президент елімізді эко­номикалық, әлеуметтік жағынан дамыту, пан­демия және сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары, қоғамдық ба­қылауды күшейтіп, билік пен азаматтардың жауапкершілігін арттыру мен білім саласын дамытуға …

Read More »

ТҰЛА БОЙЫ ТҰНҒАН – ТӘЛІМ

2019 жылы академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толу қарсаңында «Жүректерде жанған жұлдыз» атты естеліктер жинағы жарыққа шықты. Осы жинақта Әлкен Жылқайдаровтың «Тұла бойы тұнған-тәлім» деген естелігі де бар. Естелік авторы туралы «1910 жылы туған. Соғыс ардагері. Майдандағы ерліктері үшін Жоғарғы Бас қолбасшының Алғыс хатына 14 мәрте ие болған. …

Read More »

Асыраушы саланың ауқымды жұмысы

«Тt»-ақпарат». Өткен сенбіде облыс жұртшылығы ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күнін атап өтті. Онлайн тәртібімен өткен жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сала қызметкерлерін құттықтап, жыл ішінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Оның барысында қол жеткен табыстармен қатар, алда тұрған мәселелерді де шешу жолдарын нақтылады. Бердібек Мәшбекұлы еңбек озаттарына әртүрлі деңгейдегі наградалар мен марапаттар табыс …

Read More »

Бақытымыз — балалардың шат күлкісі

Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептерде қараша айының екінші жартысында Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Қатыгезсіз және зорлық — зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқаны жоғары деңгейде өткізілуде. Оның мақсаты: балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау мәселесіне қоғамның наза­рын аудару. Бала тәрбиелеу ісінде тәрбиелілік мақсатқа жетудің жолы — еңбекке, әдептілікке, …

Read More »

БІРЛІКТІ НЫҒАЙТҚАН БОСТАНДЫҚ

«Tt-ақпарат» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай «Туған жер» арнайы жобасы мен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауданымыздың тағы бір тұрғыны баспаналы болды. Бостандық ауылының тұрғыны, әлеуметтік аз қамтылған отбасы санатындағы Дина Жайлауова баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Қоныс тойында үйдің кілтін аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасов табыс етті. …

Read More »

Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері

Асылында ислам діні бұл — кемелділік діні. Қазақ даласы­на ислам діні келген уақыттан бастап ата-бабамыздың көзін ашып көргені, аузын ашып өпкені, тіпті күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне, ой-санасына, мәдениетіне сіңісіп, біте қайнасып кеткен дүниелер іспеттес қазақ руханиятының ажырамас бөлігі екендігі бесенеден белгілі. Елбасымыздың «Біздің түбіміз — түрік, дініміз — ислам, кітабымыз -Құран»-деген …

Read More »

Қайраткер анамен кездесу

«Tt»-ақпарат. Өткен аптада аудандық әкімдікте «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы, таяуда ғана Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің қолынан «Парламент сөзі» сыйлығын алған қайраткер апамыз Сәуле Мешітбайқызымен кездесу өтті. Аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Садубаев Сәуле Мешітбайқызының қай­рат­керлігі және ол басқарып отырған газет жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Өз кезегінде Сәуле апайы­мыз басылымның қоғамда …

Read More »

Алаңқайлар абаттандырылуда

Индира Еркінқызы, «Talas tynysy» Қалаға көрік беретін тал –дарақтар мен жасыл желектер екені даусыз. Жасыл желек тек сұлулық қана емес, адам денсаулығына, ауаның тазалығына пайдасы орасан зор екендігі белгілі. Біздің шағын қаламызда да оң өзгерістердің орын алып жатқандығы көз қуантады. Жылдар бойы бос тұрған үйлер халық игілігіне беріліп, қаншама уақыттан …

Read More »

Ауданымызда өткен аламан айтыс

Қамысбай Сауқымов, Алтын Оразбек, «TALAS tynysy». Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен айтыскер ақын Ұлбике Жангелдіқызының 195 жылдығына орай Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында республикалық ақындар айтысы дүрілдеп өтті. Облыс, республикаға танымал ақындар мен мәдениет қайраткерлері Қайырбек Асанов, Әлібек Әмзеұлы бастап қазылық еткен айтысқа өнерін баптап келген, орақ …

Read More »