Home / 2020 / Август

Monthly Archives: Август 2020

Қауіпті кесел кедергі болмаса керек

«Тt»-ақпарат».Аудан әкімінің орынбасары Қадырбек Садубаевтың төрағалығымен әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы өтті. Аталмыш жиынға облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев арнайы келіп қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе «Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынас­тары сала­сын дамыту, бүгінгі күнге қа­лып­тасқан жағдай тура­лы» басқарма басшысы хабардар …

Read More »

Тарихи тұлғаға тағзым

22 тамыз мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қайтыс болған күні. Халықтың қабырғасын қайыстырған қаралы күнге орай жыл сайын дәстүрлі түрде ұлы тұлғаны еске алу шарасы өтеді. Марқұмның жарқын бейнесін ұлықтауға арналған жиын биыл да жалғасын тапты. Ақкөл ауылдық округіндегі еңселі ескерткіш жанына жиылған көпшілік тарихи тұлғаның рухына тағзым етті. …

Read More »

Құрылыс жұмыстарына қадағалау қатаң

Нарбол Қашаған, «Тalas tynysy». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Равиль Төлебаев жұмыс сапарымен ауданда болды. Жемқорлық ықтималдығының алдын алу және жергілікті тұрғындармен тілдесу мақсатында ауданға арнайы ат басын бұрған Равиль Қуанышбайұлы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облысы бойынша …

Read More »

Қашықтықтан оқыту-уақыт талабы

«Тt» — ақпарат». Жер-жаһанды дүрліктірген пандемия дерті елдегі барлық саланың жұмысына кедергісін келтіргені белгілі. Мұның ішінде білім беру саласы да бар. Айталық, коронавирус індеті әлемнің 160-тан астам мемлекетінде мектептердің жабылуына әкеліп соққан. Бұл өз кезегінде бір миллиардтан астам оқушыға әсер еткен. Індеттің белгісі білінген сәттен Қазақстандағы мектептер де оқушылардың қауіпсіздігі …

Read More »

Алдын алған ауру асқынбайды

Нарбол Қашаған, «Talas tynysy». СOVID-19 індеті елімізде тіркелген алғашқы айларда халық арасында ауруға күмәнмен қарап, сенбеушіліктің болғаны рас. Алайда, жаз маусы­мы түсе дерт ұлғайып, өлім-жітім орын алған сәттен-ақ қауіпке көз жеткізген көпшілік мамандардың кеңесіне құлақ асып, тиісті талаптарды орындап бағу­ға тырысты. Аты жаман аурудың алдын алу үшін жауап­ты екендігін түсін­ді. …

Read More »

Праймериз-партияішілік іріктеу

Нарбол ҚАШАҒАН, «TALAS tynysy» Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Қартабаев праймериздің басталғандығы туралы тікелей эфир арқылы әлеуметтік желіде мәлім етті. Баспасөз өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Ғалым Тамабекұлы: — Прай­мериз — Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттық депутаттыққа, партия филиалдарының сай­лан­балы органдарына кандидаттарды ұсынуға және …

Read More »

Тамдылық тұрғындардың тартуы

Нарбол Қашаған, «Talas tynysy». Жасыратыны жоқ, аты жаман дерт дендеген уақытта науқастардың жазылып, ортаға қосылуына жаны жомарт азаматтардың тигізген жәрдемі ұшан-теңіз. Бастапқыдағыдай емес, жаппай тарал­ған аурудың беті қайтып, күпті көңіл сейі­ле бастаған тұста да ел ішіндегі ізгі жан­дардың шын пейілмен жасаған көмегі жал­­ға­сып жатыр. «Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды»,-деген осы …

Read More »

Спортшыларға құрмет көрсетілді

«Tt»-ақпарат». Тамыз айының үшінші жексенбісі елімізде «Спорт күні» болып белгіленген. Бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Садубаев тұғыр биігінен көрініп жүрген жергілікті спортшыларды қабылдап, ізгі тілегін білдірді. -Біздің киелі Талас жері-есімдері қалың елге белгілі даңқты спортшылар шыққан, спорттық дәстүрге бай өлке. Қазақстан …

Read More »

Көрінбейтін дерт көбеймесін десек…

Н.АЛИЕВ, аудандық Қаратау мешітінің бас имамы. Бүгінгі таңда барлығымызды алаңдатып отырған бір нәрсе — коронавирус екені белсенеден белгілі. Оның қауіптілігі турасында аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Талапты орындамағанымыздың дұрыс еместігін күнделікті өмірден көріп те жүрміз. Көзге көрінбейтін дерт жауапсыздықтың салдарынан таралып жатыр. Өте қауіпті дерттен қайтыс болған адамды жуындыру …

Read More »

Аудан спорты даму жолында

Ерік Мамадияров, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы. Спорт-сергектік мәдениетін қалыптастырады. Адамды ерекшелейтін рух қамалын сақтау үшін, дене күтіміне жіті мән беру маңызды. Бұл өз кезегінде ел болашағы саналатын жастардың қалыпты өмір дағдысына айналуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғам­дық диалог-Қазақстанның тұрақ­тылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа …

Read More »