Home / 2019 / Июнь

Monthly Archives: Июнь 2019

Латын әліпбиіне көшу- тарихымызды жаңғырту

Қамысбай Сауқымов, «Талас тынысы». 2017 жылғы қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Латын әліпбиіне көшу туралы» Жарлығы шығып, ол туралы Елбасы өз мақаласында: «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілі мен тарихын жаңғыртады»,-деп атап көрсетті. Міне, содан бері құрамында филология ғылымы саласында жүр­ген ғалымдар бар ұлттық комиссия құрылып, латын әліпбиінің түпкілікті нұсқасын бекітті. Әр өңірде …

Read More »

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген сұраныс

адамның басты қажеттілігінің бірі Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Адамның денсаулығы судың таза­лығы мен оның санитарлық жағдай­ларды жақсартудағы рөлімен тікелей байланысты. Адамның санасының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде. Жер бетіндегі таза судың қоры жеткілікті көрінгенімен, әлемнің көп аймақтарындағы …

Read More »

Қазақстанда кепілдендірілген тегін көмек және медициналық сақтандыру пакеттерінің жаңа нұсқасы бекітілді

Қазақстан Үкіметі келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК және МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекітті. «Аталған екі пакеттің айырмашылығы қандай? Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті минималды стандарттардан тұрады. Мысалы: шұғыл көмекке зәру азаматтарға медициналық көмек көрсету, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу, мемлекеттің …

Read More »

«Архив-2025» бағаналы бағыт – саладағы даму

Жаһандану үдерісінде өркениеттің даму жолына түскен Қазақ елінің әлемдік деңгейде еркін самғауы өткен тарихи шындықтарды қалпына келтірудің маңызды кезеңімен сәйкес келіп отыр. Өткенді еске алмай, бүгінгіні ұғыну және жар­қын болашаққа көз жіберу тағы мүмкін емес. Тарихымыздың тереңіне көз жүгіртіп, халқымыздың басынан өткен небір талайлы кезеңдерді саналы түрде зерттеп-зерделе мейінше, бүкіл …

Read More »

Ақынның шығармашылығына арналды

Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында Қазақстан Жазушылар Одағы және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Сабырғали Рысбаевтың «Тұрағым да, тұғырым да-туған жер» атты тақырыпта шығармашылық кеші өтті. Өлең өлкесінде өз өрнегін қалыптастырған ақынның 60 жасына орай ұымдастырылған кеште сөз алған аудан әкімі Досмаханбет Алиев және аудандық мәслихаттың хатшысы Арқабек …

Read More »

Маман біліктілігімен бағалы

Индира Еркінқызы, «Талас тынысы». Қаламыздағы І.Жансүгіров атындағы кітапхананың «Коворкинг» орталығында 23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күніне орай кездесу жиыны болып өтті. «Менің жетістігімнің тарихы» атты тақырыпта өткен кездесуге мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан, өмір жолдары өнегеге толы Асқар Қуаныш және Талғат Жұмабек сынды еңбек ардагерлерімен қатар, мемлекеттік қызметке енді ғана аяқ …

Read More »

Қазақ жазуының тарихы, һәм латын әліпбиі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың кө­реген саясаты­ның тереңінде білім бәсекесіне лайықты елу елдің қатарына қосылу үшін жаһандық білім нәрімен сусындаған, ертеңгі ел тұтқасына ие болатын, білімді де, білгір ұрпақ тәрбиелеу жатыр. Осы ретте Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессия­сын­да: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны …

Read More »

Әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесі

«Ұлт жоспары -100-нақты қадам жоспарының 33 қа­дамында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебінде тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру туралы айтылған. Осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау» жоспарын іске асыру мақсатында 2016 жылғы 30 желтоқсанда №38-VІ ҚРЗ «Пробация» …

Read More »

«Жұрындысайды» шат күлкі кернеді

Қамысбай Сауқымов, «Талас тынысы». «Жұрындысай» жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастап, лагерь орналасқан табиғаты таңғажайып шатқал бақытты балалық шақтың мекеніне айналды. Өткен аптаның соңында лагерьдің ашылу салтанаты мерекелік жағдайда өтті. Қазақстан Республикасы премьер- Министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы «2016-2019 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және …

Read More »