Home / 2017 / Ноябрь

Monthly Archives: Ноябрь 2017

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ-МОЙЫНҚҰМ

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Дегенмен ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық  ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. XXI ғасырдағы Рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ. Аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы музейде балалар мен жасөспірімдер орталығы мен өнер …

Read More »

ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Жуырда аудандық Мәдениет үйінің кіші залында Қазақстан Ғылым академиясының корресподент мүшесі, тарих ғалымдарының докторы Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиевпен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімдігінің қызметкерлері, еңбек ардагерлері, мәдениет, білім, денсаулық салаларының өкілдері қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен байыпты басқосу барысында жиналған қауым ғалыммен ашық-жарқын әңгімелесіп, емін-еркін ой бөлісті. …

Read More »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен аудандық соттың кеңсесінде сот төрағасы Бабырхан Абуев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шакизат  Акимов және  аудандық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Пернебай Рысымбетовтер  ынтымақтастық туралы  Меморандумға қол қойды. Жобаның негізгі мақсаты-заманауи озық технологияларды жүйеге енгізу және Сот әділдігін қамтамасыз етіп, сапасын жақсарту. …

Read More »

Қариялар халық қазынасы

Аудандық мәдениет үйінде, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  жастарға  ғасырлар бойы қалыптасқан халық даналығын насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулып, ұлттық сана-сезімін ояту, салт-дәстүрлерімізді, үлкенді сыйлауды дәріптеу, адамгершілікті, имандылықты бойларына ұялату  мақсатында  «Атадан – аманат, ұрпаққа — ұлағат» атты аудандық ақсақалдар байқауы өтті. «Ауылыңда …

Read More »

КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Өткен сәрсенбі күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аудан орталығы Мойынқұм ауылының күншығыс жағында ауылдағы үшінші кіші футбол алаңының ашылу рәсімі болды. Еліміздің Әнұранының орындалуымен басталған рәсімге аудан әкімі Бақытжан Нүркенов қатысып, сөз сөйледі. -Өздеріңіз білесіздер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында республика  тұрғындарының 30 пайызын белсенді спортпен …

Read More »

Ерлер есімі ұмытылмайды

Кеңес Одағы кезінде тарихта Ауған соғысы деген атпен қалған соғыс өртінің өшкеніне биыл 28 жыл толып отыр. Ауған жерінде болған соғысқа 22 мың қазақстандық қатысса, оның 2 мыңдайы Жамбыл облысынан аттанған жастар еді. Ал сол бейбіт күндегі сұрапыл соғысқа ауданымыздан 98 бозбала қатысқанын білеміз. Осы аптада аудандық әскери комиссариат ғимаратының …

Read More »

Әлеуметтік көмек жүйелі жүргізіледі

Үкімет «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын әзірлеп, жұмыссыздардың білімі мен біліктілігін арттырып, еліміздегі бұл көрсеткішті барынша қысқартуға тырысып-ақ келеді. Аталған бағдарлама аймақ-аймақтарда жүзеге асырылып, оң нәтижесін беруде. Аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында Жаңа нысандағы әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту тақырыбында жиын өтті. Оған облыстық, аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының қызметкерлері, мұғалімдер, ауыл тұрғындары мен …

Read More »

Латын әліпбиі — бірегейлік пен жаңғыру негізі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асырып, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бастамасын насихаттау мақсатында аудандық Мәдениет үйінің кіші залында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі –бірегейлік пен жаңғыру негізі» атты кездесу өткізілді. Оған  облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Ерлан Наржанов, аудан …

Read More »

Жемқорлық — қауіпті құбылыс

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Осыған байланысты  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды іске асырудағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілік жағдайын қалыптастыру …

Read More »

Автокеруен ауылға келді

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ақпараттық автокеруені Кеңес ауылдық округіне келді. Мақсаты- жастарға мемлекеттік бағдарламалар және түрлі салалар аясында консультациялық алаң жұмысын ұйымдастыру және өткізу. Олар жастардың түрлі санаттарын қамти отырып, …

Read More »