Home / 2017 / Март

Monthly Archives: Март 2017

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, екпінді жел тұрады

    Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және қатты екпінді жел күтіледі, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды Хабар арнасы.

Read More »

Еңбекпен қамтамасыз етіледі

    «Нұр Отан» партиясы ау­дандық филиалында аудан прокуроры Н.Әділов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлі­­мінің сектор меңгерушісі Б.Қалымбетова, ау­дандық про­бация қызметінің (ПҚ) аға инс­пекторы Б.Бектемі­ровтердің қа­­тысу­ларымен «Мойын­­құм ау­дан­­дық ПҚ-ң есе­бінде тұр­ған қоғамнан оқ­шау­лаумен бай­ланысты емес жаза­ларға сотталғандарға әлеу­меттік-құқық­тық көмек көр­сету» бойынша аудандағы ПҚ-ң есебінде тұрған сотталған аза­маттармен дөңгелек үстел …

Read More »

Ұлы жетістіктерге жетелейді

    Тәуелсіздігіміздің 25 жылында жинаған тәжірибелеріміз бен жетістіктеріміздің нәтижесін саралап, қазіргі әлемдік саяси-экономикалық үдеріспен үйлестіріп, үндестіретін кешенді бағдарламаларды қамтыған Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы да халқымызға жігер беріп, қоғамымыздың әрбір мүшесін қуатты күшке айналдыра алатындай бағалы құжат болды.

Read More »

Көкжелектегі көңілді мереке

   Жер аяғы кеңіп, көктемнің ұлық мерекесі – Наурыз да келіп жетті. «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!» деген баталы сөздерден өз бастауын алатын мейрамның игілігі мен қуанышы ерекше. Тамырын тереңге жайған осынау мереке тазалық пен татулықтың, береке мен бірліктің тұғырын нығайтып, адамдарды шаттық пен қуанышқа кенелтеді.

Read More »

Қос бірдей жерлесіміз облыс чемпионы

    Жақында аудан орта­лығындағы Спорт кешенінде 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер қатысқан бокстан мойынқұмдық заң­гер, марқұм Нұрхат Кемел­құловты еске алуға арналған облыстық біріншілік чем­пионаты өтті.

Read More »

Береке мен бірліктің бастауы

   Ұлы дала төсін жаңартып, жасартып келетін көктемнің алғашқы хабаршысы мизамкөктің келуімен жұрт та жадырап сала береді. Тоңы жібіген Жер-Ана бусанып, түлесе, көктегі күн сол жер бетін ерекше нұрға бөлейді.

Read More »

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

   1987 жылдың 21 наурызы күні Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы құрылған болатын. Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келетін осы айтулы мерекеге биыл 30 жыл толып отыр. Жақында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдас­тыруымен аудандық Мәдениет үйінде ардагерлердің басқосу жиыны өткізілді.

Read More »

Тау алыстаған сайын биіктей түседі немесе қадірлі азаматтарға құрмет көрсетейік

    Ауданымыздың алғаш Көк­тер­ек ауданы болып құрыл­ғанына биыл 78 жыл толады. Бұл жылдар ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қарыштап өсті. Рас, арада 3 жыл көрші Шу ауданына қосылып, 1965 жылы шөл және шөлейт аймақты игеру мақсатында бүгінгі ауданымыз қайта құрылды. Аудан орталығы алғашқыда Фурмановка селосы болып аталса, кейіннен Мойынқұм ауылы …

Read More »

Болашаққа үміт артар жас ұрпақ

  Жуырда Жамбыл мектеп-гимназиясында «Мәңгілік Ел» тәрбие-білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Жас ұрпақтың арманы мен арнауы» атты бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп жатқа оқудан аудандық байқау өтті.

Read More »